Алматының тергеу соты «Дикий Арманға» қатысты шешім шығарды - Exclusive
Поддержать

Алматының тергеу соты «Дикий Арманға» қатысты шешім шығарды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды Exclusive.kz Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасай отырып.

– 2023 жылғы 5 маусымда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп — тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д. қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 тамызға дейін ұзартуға санкция берілді, – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, сәуір айында Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартқан болатын.

Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге әрекет еткен. Күдіктілерден суық қару, оқ-дәрілер және брондалған автокөлік тәркіленді.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.