English version

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы белгілі болды

Контекст дня — 8 декабря 2023 16:50
0 -1

ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

AMT-ның жаңа инвесторы – Qazaqstan Steel Group. Акционері – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Ал компанияның атауы «АрселорМитталдан» «QARMET» болып өзгереді.

– Келіссөздер 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ-ның еншілес кәсіпорны – Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталды. Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойды. Келіссөздер нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасында қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау және аудит жүргізуге мүмкіндік беретін «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды. Министр келіссөздер барысында ArcelorMittal $3,5 млрд сұрағанын, бұл халықаралық консультанттардың есебіне сәйкес келмейтінін атап өтті, – деп жазылған Үкіметтің ресми хабарламасында.

АМТ-дан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталмақ.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.