Екібастұзда барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді - Exclusive
Поддержать

Екібастұзда барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді

Жедел штаб Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жөніндегі жағдай туралы ақпарат жариялады.

Жедел штаб басшысы-премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың 7 желтоқсан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша генін айтты. Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.

– Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда. Өкінішке орай, соңғы күндері орын алған оқиғалардың нәтижесінде болған гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатты. Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз, – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.