Туризмге жұмсалған 80,8 млрд теңге инвестиция тиімсіз - сарапшылар
Поддержать

Туризмге жұмсалған 80,8 млрд теңге инвестиция тиімсіз — сарапшылар

Туризмді дамыту Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын дерлік осы секторды дамыту бойынша түрлі шаралар қабылданады. Алайда, мақтанарлық көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның 16 өңірінде туризм саласын дамытуға 86 млрд теңге жұмсалды. Ал Түркістан облысына бөлек 80,8 млрд теңге бөлінді. Яғни, инвестиция көлемі курорттық аймақтарды қоса алғанда, елдің қалған аймақтарының жалпы көрсеткіштеріне тең. Облыстың дамуына арналған қадамдар бірнеше жыл бұрын басталды.

Мәселен, егер 2019 жылы осы өңірдің туризм, мәдениет, өнер саласын дамытуға 8 млрд теңгеден аз қаражат бөлінсе, 2020 жылы – 125,3 млрд теңге бөлінді.

Жалпы, өңірдің тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктері Түркістан облысының дамуына жол ашуда. Алайда, Finprom.kz сарапшыларының пікірінше, салынған қаражат үмітті ақтамаған.

Қызмет нәтижелері бойынша Түркістан облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен айтарлықтай төмен. Ішкі туризм статистикасы бойынша бірінші жартыжылдықтағы көшбасшы — Алматы.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.