Екі мыңға жуық ғалым тұрақты негізде жалақы алады - Аймағамбетов
Поддержать

Екі мыңға жуық ғалым тұрақты негізде жалақы алады — Аймағамбетов

Парламент «Ғылым туралы» Заңына түзетулерді қабылдап, ғылым саласын қаржыландыру мен қолдау шараларын жақсарту жұмыстары күшейді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Бұрын-соңды ғалымдардың қатысуымен өтетін әрбір кездесуде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту мәселелері көтерілетін еді.

Гуманитарлық бейіндегі ғалымдарымыз (қазақ әдебиеті, тіл білімі, Қазақстан тарихы, археология, философия және т.б.) осы бағыттарды қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет екендігін 10 жылдан астам уақыттан бері айтып келеді.

— Ендігі кезекте Президенттің тікелей қолдауының арқасында және Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының нәтижесінде аталған мәселелердің барлығы Үкіметтің бастамашылық етуімен әрі Парламент депутаттарының қолдауымен қабылданған жаңа түзетулерде өз шешімін тапты.

— Бұл дегеніміз, кем дегенде 1600 ғалым базалық қаржыландыру шеңберінде тұрақты негізде жалақы ала бастайды, — деп жазды Білім және Ғылым министрі Facebook парақшасында.

Гуманитарлық бейіндегі институттар тікелей қаржыландыру шеңберінде тек гранттық жобаларға ғана тәуелді болмай, бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін тұрақты қаржыландырылатын болады.

Комиссия Ұлттық ғылыми кеңес шешімдеріне қатысты ғалымдардың апелляциялары мен Әдеп кодексін сақтау мәселелерін қарастыратын болады.

Айта кетейік, қысқа мерзім ішінде қажетті түзетулер әзірленіп, Парламенттің қарауына енгізілді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.