Қазақстандық фильм The Calvert Journal кинофестивалінде жүлде алды
Поддержать

Қазақстандық фильм The Calvert Journal кинофестивалінде жүлде алды

Режиссер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» фильмі The Calvert Journal Film Festival 2021 фестивалінде «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясын жеңіп алды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Calvert Journal кинофестивалі – бұл тәуелсіз режиссерлердің жобаларын кең аудиторияға ұсынатын онлайн фестиваль. Фестиваль 2020 жылы The Calvert Journal халықаралық журналымен құрылған және Шығыс Еуропа, Балқан, Ресей, Кавказ және Орталық Азия елдерінің мәдениеті мен шығармашылығын зерттеуге арналған.

«Өркениет тарихы» картинасы Алматыдан Лондонға көшуге ұмтылған Индира есімді қыздың өмірін баяндайды. Бірақ кетуден бір күн бұрын оның басынан сан түрлі оқиғалар өтеді.
«Өркениет тарихы» фильмінің түсірілімі 2019 жылы Алматыда өтті. Басты рөлді МЕРГЕН деген бүркеншік атпен өнер көрсететін әнші әрі сазгер Ақмарал Зықаева сомдады. Қыз үшін бұл фильмдегі дебюті болды.

Айта кетейік, «Өркениет тарихы» фильмі бұған дейін Локарно кинофестивалінде (Швейцария) «Күміс барыс» жүлдесін алған болатын. Сонымен қатар, картина Торонто халықаралық кинофестивалінің (Канада), Босфор халықаралық кинофестивалінің бағдарламаларына таңдалды.

Фото: old.turan-edu.kz 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.