Бокстан әлем чемпионатының финалындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары аталды
Поддержать

Бокстан әлем чемпионатының финалындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары аталды

Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының аяқталуына екі күн қалды. Жанкүйерлер алдағы екі күнде чемпиондардың есімін біледі. Бүгін, 5 қарашада қазақстандық бокс жанкүйерлері бокс кешіне куә болады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Белград рингіне әлем чемпионатының алтын жүлдесін алу үшін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмуд Сабырхан (54 келі) шығады.

Финалдық кездесуді Теміртас Жүсіпов бастайды. Алтын үшін болатын шайқаста оның қарсыласы таиландтық Вуттичай Юрачай. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Махмұд Сабырхан жапондық Томоя Цубойға қарсы шығады. Ал тағы екі қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) 6 қарашада шеберліктерін көрсетеді. Сәкен мен Роско Хилл арасындағы жекпе-жек 23:00-де басталса, Серік 23:15-те Джамал Харвимен басталады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.