Маңғыстау жедел жәрдем қызметкерлері видеоүндеу жолдады
Поддержать

Маңғыстау жедел жәрдем қызметкерлері видеоүндеу жолдады

10 қарашада Ақтау қаласында жедел жәрдем станция фельдшерлері мен жүргізушілері жалақыны өсіруді талап етіп, әлеуеметтік желі арқылы Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Азаттық.

— Бұл біздің басшы Айларбек Шыршықбаев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеуіміз. Біз осыған дейін бірнеше рет бастығымыздан жалақыны көтеруді, бригада санын толықтыруды, бригададағы фельдшерлер санын толықтыруды қозғадық. Күнде ертең деумен, уәдемен тойдырып келеді. Бізге әкімдіктен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келеді, бірақ талаптар орындалмай отыр.

Газ, жарық, су тәрізді коммуналдық төлемдер күннен-күнге қымбаттап барады. Біз ипотека төлеп, отбасымызды асырап жүрміз. Бірақ 100 мың теңгемен қалай өмір сүреміз? Осы мәселе ай сайын Ақтауда, Жаңөзенде, Бейнеуде көтеріледі, бірақ орындалмайды. Сондықтан үш-төрт күн уақыт береміз, болмаса жұмысты толық тоқтатуға мәжбүрміз, — дейді видеода сөйлеген жедел жәрдем қызметкерлерінің бірі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлмира Әбішева жедел жәрдем жүргізушілері наразылығына журналистер аса көп қызығушылық танытпаған соң әзірге ресми хабарлама дайындамағандарын, бірақ мәлімдемені денсаулық сақтау басқармасы жасауы қажеттігін айтты.

Биыл 14 шілдеде Жаңаөзен қаласындағы 45 жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жұмысты ішінара тоқтатып, жалақыны өсіруді талап еткен еді. Олар жалақы мәселесінің 2016 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын, кейінгі екі жылда жалақы екі рет 12 мың теңгеге ғана көтерілгенін, басқа өзгеріс болмағанын айтқан болатын.

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *