Алматыдан Талғарға дейін: Құсайынов LRT құрылысы туралы айтты
Поддержать

Алматыдан Талғарға дейін: Құсайынов LRT құрылысы туралы айтты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов троллейбус паркін жаңғырту және 2022 жылы мегаполистен Талғарға дейін жеңіл рельсті көлік салу жобасының іске қосылуы туралы брифингте айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

– Бүгінгі таңда троллейбус паркі жалпы шығарылымы 165 көлікті құрайтын тоғыз бағытқа қызмет көрсетеді. Ай сайынғы жолаушылар ағыны шамамен 2,5 миллион адамды құрайды, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов

Сондай-ақ ол әкімдікте банк несиесі есебінен 190 жаңа троллейбус алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын, оны «Алматыэлектротранс» өтейтінін айтты.

Қалада троллейбустардың жүру жолындағы 41 шақырымнан астам қолданыстағы кабельдер ауыстырылды, сондай-ақ 600-ден астам жаңа тіректер орнатылды, 172 шақырым байланыс желісі қайта жаңартылды. Бұл жұмыстар троллейбустардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жүргізілді.

Серік Құсайынов 2022 жылы Талғардың тас жолының бойында LRT салу жоспары туралы айтты. Ол қазірдің өзінде әлеуетті инвестор бар екенін, онымен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *