Әдеттегі білім беру жүйесіне қайта оралмаймыз. Алматыда халықаралық EdCrunch Glocal конференциясы аяқталды
Алматыда 7-8 желтоқсан күндері білім берудегі жаңа технологияларға арналған EdCrunch Glocal Еуропадағы ең ірі білім беру конференциясы өтті. Мұнда 25 елден келген 400-ден астам спикер педагогика саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, білім беру саласының болашағы мен жаңа технологиялардың әсері мен оқыту саласындағы ғылым жетістіктері мәселелерін талқылады.
EdCrunch Glocal конференциясы барлық білім беру деңгейлерін — мектепке дейінгі, мектеп, жоғары, корпоративті, сонымен қатар EdTech стартаптарына арналған бағытты қамтыды.
Жиын Rixos Almaty қонақүйінде онлайн форматта өтіп, конференцияға 1000-нан астам адам, ал онлайнға 20 000 адам қатысты. Қатысушылар арасында Павел Лукша, Кеңес Рақышев, Тимур Бекмамбетов, Нилс Флор, Арманжан Байтасов, Әсел Тасмағамбетова, Вероника Зонабенд, Берік Каниев, Исламбек Салжанов, Серік Толықпаев сынды танымал тұлғалар да болды.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, өз пікірімен бөлісті.
— Күн тәртібінде білім беру сапасын дамыту және оның нарық пен қоғамның үмітіне сәйкестігі мәселелері. Осы міндеттерді шешу мақсатында біз «Алматы 2050» жаңа стратегиясын іске асырамыз, ол қазақстандық талант, туризм мен инновацияның өсуі үшін адаморталық, баршаға ашық қала құруға бағытталған, — деді Алматы қаласының әкімі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пандемияға дейін болған әдеттегі білім беру жүйесіне қайта оралмайтынымызды айтты. Сондай-ақ, білім берудің тиімді әрі жаңа тәсілдерін меңгеру керек екені де еске салды.
— Технологиялар әлеуметтік институттарды да күрт өзгертеді. Бұл трендтер білім беруді айналып өте алмайды. Сарапшылардың пікірінше, жақын арада Edtech нарығы қазіргі 227 миллиард АҚШ долларынан бірнеше есе өседі. Біздің қазақстандық сегмент соңғы жылы қарқынды өсу кезеңін бастан кешуде. Соңғы 2 жылда көп нәрсені қайта қарастыруға тура келді. Білім беру платформалары, ZOOM, Teams онлайн-сабақтары – осының барлығы әрбір қазақстандық оқытушының тәжірибесіне жылдам енді.
Қазақ тіліндегі контент ұлғаюда: контентті жергілікті EdTech компаниялары өз бетінше де әзірлеп, үздік халықаралық ақпаратты да бейімдеуде. Біз цифрлық дағдылардың төмен деңгейінде болсақ та, қиын жағдайларда тез қалыпқа келдік, қазір офлайнға шыққанмен, аралас форматтамыз. Бір нәрсе анық – біз пандемияға дейін болған әдеттегі білім беру жүйесіне қайта оралмаймыз, — деді министр.
Жоғары білім блогында келесі тақырыптар көтерілді: әлемдік білім беру көшбасшыларымен алшақтықты азайту үшін біздің университеттер топ-100 ЖОО-нан неге төмен екендігін анықтау және білім берудің мәселелерін шешу мұқтаждығы, ЖОО-ға практик-оқытушыларды қалай тартуға болады, нейробиологияны максималды тиімділіктің негізі ретінде қарастыру, ХХІ ғасырдағы жетістік үшін шешуші маңызы бар негізгі дағдылар ретінде шығармашылық және сыни ойлау, білім беру жүйесі шеңберінде және одан тыс жерлерде кәсіпкерлік тұрғыдан ойлайтын жастардың ұрпағын қалай өсіруге болады, студенттердің 100% қатысуын қалай қамтамасыз етуге болады және т. б.
Комментариев пока нет