Министр АЭС бойынша төтенше жағдайға мемлекет жауап бермейтінін айтты
Поддержать

Министр АЭС бойынша төтенше жағдайға мемлекет жауап бермейтінін айтты

Журналистер ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевке АЭС бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Министрдің айтуынша, АЭС-те төтенше жағдай бола қалса, инвесторлар жауапты болмақ.

«Егер халықтың көп бөлігі АЭС құрылысына қарсылық танытса, шешімнің күші жойыла ма?» деп сұрады журналистер.

— Бұл саяси сұрақ. Мен Энергетика министрі ретінде айтамын. Бізге станция салу керек екенін көріп отырмыз. Бізде таңдау болады: жарықсыз қалу немесе бір шешім қабылдау. Бізде ешқандай жол жоқ. Мұны түсіну керек, — деп жауап берді министр.

Журналистер «Энергетика министрлігі өз тарапынан Чернобыль атом электр станциясы мен Фукусимадағыдай төтенше жағдай болмайтынына кепілдік бере ме?» деп сұрады.

— Біріншіден, әрине, ешкім ешқашан кепілдік бермейді. Бірақ атом электр стансасын салу кезінде қауіпсіздікке баса назар аударылып, жауапкершілік АЭС салатын компанияға немесе инвесторға жүктеледі, — деді Энергетика министрі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *