Мәсімовке қатысты билікті басып алу бойынша қылмыстық іс басталды
Поддержать

Мәсімовке қатысты билікті басып алу бойынша қылмыстық іс басталды

Ұлттық қауіпсіздің комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты да билікті басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс басталды. Кәрім Мәсімовке бұған дейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдік келтірілген.

— Аталған іс аясында билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, -деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Айта кетейік, бұл іс бойынша Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *