Шетелде қашып жүрген Сұлтанбеков пен Ардан елге шақырылды
Нұр-Сұлтанда Қанат Сұлтанбеков Талғат Ардан LRT ісі бойынша жауап алуға шақырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын жеткізді.
– Тергеу жинаған айғақтар күдікті Сұлтанбековтің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 176, 235 баптары және қолданыстағы ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша саралауға мүмкіндік берді. Талғат Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы ҚК-нің 176-бабы, 262-бабы және қолданыстағы ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сараланды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан шетелде болғандықтан, прокурордың келісімімен іс-әрекеттерді саралау және жауап алуға шақыру туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
– Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының Қабанбай батыр даңғылы, 31 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратына келуі керек. Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдіктілер өз бетінше қорғаушы шақыруға немесе сот отырысына қатысуға өтініш беруге құқылы. Қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың атынан басқа да тұлғалар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді, – деп түсіндірді Бас прокуратура.
Коллаж: azattyq-ruhy.kz
Комментариев пока нет