Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіштің өз орнында қалғанын, бірақ жыл сайынғы еңбек демалысында екенін айтқан еді.
Комментариев пока нет