«Росатом» Қырғызстанда АЭС салады
Поддержать

«Росатом» Қырғызстанда АЭС салады

Қырғызстан мен Ресей Қырғызстан аумағында қуаты аз атом станциясын салуға келісті.

Меморандумға Дубайдағы «ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесі аясында «Росатом» компаниясының бас директоры Алексей Лихачев пен Қырғызстанның Энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев қол қойды.

— Қырғыз Республикасында осындай атом станциясының құрылысы елдің энергияға тәуелділігіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге халықтың өмір сүру сапасына және бүкіл Орталық Азия аймағының ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуына әсер етеді, – деді Лихачев.

Еске салайық, Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен кентін АЭС салу үшін қолайлы алаң деп атады.

Қараша айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр станциясын салуды ұсынды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *