Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақы көлемі артты
Поддержать

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақы көлемі артты

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл шара 347,7 мың адамды қамтыған.

Мүгедектік бойынша (75 130 алушы бар) және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша (52 096 алушы бар) МӘСҚ төленетін ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 5%-ға ұлғайтылды.

Бұл төлемдер ұзақ мерзімді, өйткені олар бірнеше жыл бойы төленуі мына жағдайларда мүмкін:

мүгедектік кезінде – адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенге немесе зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін;

асыраушысынан айрылған жағдайда – кәмелетке толғанға дейінгі балалар және күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *