Дариға Назарбаева тағы да мәжіліс отырысына қатыспады
Поддержать

Дариға Назарбаева тағы да мәжіліс отырысына қатыспады

Бүгін Мәжілістің жаңа төрағасын сайлаған жиынға депутат, Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаева қатысқан жоқ.

Мәжілістің баспасөз қызметі депутаттың қайда екенін көмекшісінен сұрау керектігін айтты.

Дариға Назарбаеваның қаңтар айының басында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Көмекшісі депутаттың денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін айтып, ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсеткенін жеткізді.

Кейіннен Мәжілістің баспасөз қызметі депутаттың қаңтар айының соңына дейін ақы төленбейтін демалысқа шыққанын хабарлады.

1 ақпан күні өткен Мәжілістің жаңа төрағасын сайлаған жиынға депутаттың не үшін қатыспағаны белгілі болды.

— Ол әлі де Нұр-Сұлтан қаласында. Қазіргі кезде коронавирус инфекциясына байланысты емдеу курсынан өтіп жатыр, — деді Жанна Ермекова.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.