Пірматов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы болды.
Сенаторлар Ұлттық банк басшысы лауазымына (Досаевтың орнына) Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдаған.
— Ғ.О. Пірматовты тағайындау туралы
2022 жылғы 03 ақпан
Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Ғалымжан Пірматов бұған дейін «Қазатомпромды» басқарған.
Комментариев пока нет