UFC: Рахмонов жеңісін қаңтар құрбандарының рухына арнады
Поддержать

UFC: Рахмонов жеңісін қаңтар құрбандарының рухына арнады

Лас-Вегастағы UFC Vegas 47 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (14-0) Гайана өкілі Карлстон Харристы (17-4) нокаутқа түсірді.

Бұл Рахмоновтың Ultimate Fighting Championship (UFC) турниріндегі үшінші жекпе-жегі. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды.

Қарсыласын теуіп, нокдаунға түсірген Рахмонов төпештей бастады, сол кезде нокаут тіркелді. Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы өз жеңісін Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының құрбандарына арнайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың бұл — UFC-дегі үшінші жекпе-жегі әрі үшінші жеңісі. Бұған дейін «Номад» бразилиялық файтерлер Алекс Оливейр мен Мишель Празеристі ұтып кеткен. Сонымен қатар кәсіпқой төбелестегі 15-ші жекпе-жегі әрі 15-ші жеңісі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.