Алматыда қарияны таяқпен ұрған жүргізуші ұсталды
Поддержать

Алматыда қарияны таяқпен ұрған жүргізуші ұсталды

Алматы полиция департаменті егде жастағы ер адамға қол көтерген көлік жүргізушісінің ұсталғаны туралы хабарлады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталғанын айтты.

— Ол қылмыстық кодекстің 293-бабы»Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Тексеру барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Бұл Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны. Ол өз әрекетін түсіндіру барысында қарияның көлігіне зиян тигізгенін айтты. Сол үшін жазаламақ болған, — делінген хабарламада.

Оқиға Алматы облысында болғаны анықталып, бұл іс бойынша шешім шығатыны айтылды.

— Қылмыстық іс материалдары одан әрі тергеу жүргізу және шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасына жіберілетін болады, — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *