Сұлтанов "Даму" қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл шешім туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған.
— «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, өзгерістерге сәйкес, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады.
Олар: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.
Комментариев пока нет