Алматы маңында ресейлік зауыттар салынады
Поддержать

Алматы маңында ресейлік зауыттар салынады

Алматы облысы Талғар ауданында ресейлік трансұлттық «Технониколь» корпорациясы жалпы құны 44 миллиард теңгені құрайтын екі зауыт құрылысын ағымдағы жылдың сәуір айында бастауды жоспарлап отыр.

— Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Технониколь» трансұлттық корпорациясының өкілдерімен кездесіп, энергия үнемдейтін жылу изоляциялық материалдарды өндіретін екі зауыттың құрылыс жобасына инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Құрылыс жұмыстарының басталу уақыты ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған, шамамен 44 миллиард теңге инвестиция тартылып, 200 жұмыс орыны пайда болады, – деп хабарлады Алматы облысының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев ресейлік зауыттар облыстың әл-ауқатын арттырып, жұмыс орындарын көбейтуге және экономиканы нығайтуға жұмыс істейтінін айтты.

Айта кетейік, жаңа зауыттар Алматы облысының Талғар ауданында орналасады деп жоспарланып отыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *