ҰҚШҰ Украинадағы жағдайға қатысты ұсыныс жасады
Поддержать

ҰҚШҰ Украинадағы жағдайға қатысты ұсыныс жасады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты Донбасқа бітімгерлер күштерін аттандыру туралы ұсыныс айтты.

Ұйымның бас хатшысы Станислав Зась Киевтің келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсаты арқылы аймақтағы шиеленісті бейбіт жолмен бәсеңдету қажет екенін жеткізді.

Донбассқа халықаралық бітімгерлік контингентті орналастыру бұған дейін де бірнеше айтылды.

— Донбассқа бітімгерлік күштерді аттандыруға болады. Бірақ бұл үшін Украинаның келісімі қажет. Өйткені бұл сол елдің аумағы. Бұдан бөлек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандаты керек және осы шешімді ұйымға мүше елдердің бәрі қолдауы тиіс, — деді Станислав Зась.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *