Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды
Поддержать

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды

Нұр-Сұлтанда сағат 09.25-те қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тарады.

— Биылғы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеген кезде. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов М.Қ. міндеттерін орындай алмады. 19.02.2022 аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 452-бабы (билік органдарының әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, — делінген хабарламада.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Бектановтың ұсталғаны туралы жазды.

— Кеше ол (Мұрат Бектанов) шынымен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, Бас прокуратура тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — делінген жазбада.

Айта кетейік, 19 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев Бектановты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындаған еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *