Путин ДХР мен ЛХР-дің егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды
Поддержать

Путин ДХР мен ЛХР-дің егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды

Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысы өтіп, Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасады.

Үндеуінде Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді.

Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойды.

Кейін Путин мен ДХР басшысы Денис Пушилин Ресей мен Донецк Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Ұлыбритания премьер-министрінің пікірінше, ДХР мен ЛХР-ны тану «халықаралық құқықтың бұзылуы».

— Донецк және Луганск республикаларын тану — халықаралық құқықтың айқын бұзылуы, бұл егемендік пен аумақтық тұтастықты бұзу және Минск келісімдерінен бас тарту. Менің ойымша, бұл жамандықтың белгісі. Бұл жағдай дұрыс емес бағытта дамып келе жатқанының тағы бір белгісі. Ұлыбритания украин халқына қолдау көрсету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды, — деді Джонсон.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.