DiDi такси Қазақстандағы жұмысын тоқтатады
DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын аяқтайтынын айтты. Компания өкілдерінің айтуынша, бұған нарық жағдайларының өзгеруі себеп болған.
Такси қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.
– Ресейде DiDi іске қосылғаннан бері бір жарым жыл және Қазақстанда іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт өткен соң, біз 2022 жылдың 4 наурызында осы нарықтардағы жұмысты тоқтату туралы хабарлаймыз. Біз әрқашан өзіміздің азаматтарға жоғары сапалы, бірақ қолжетімді технологиялық қызметтерді ұсыну арқылы күнделікті өмірді жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ жүргізушілер мен серіктестер үшін ең жақсы табыс табу мүмкіндіктерін жасадық. Өкінішке қарай, нарықтық жағдайлардың өзгеруіне және басқа да қиындықтарға байланысты біз Ресей мен Қазақстанда жақсы нәтиже көрсете алмайтынымыз анық, – деді компания.
Комментариев пока нет