Депутат Назарбаев отбасына тиесілі 100 млн еуро тұратын мүлікті тәркілеуді сұрады
Неміс депутаты Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиесілі 100 млн еуро тұратын мүлікті тәркілеу керектігін айтты.
Депутаттың айтуынша, Баден-Вюртемберг аймағы автократтардың тығылатын жеріне айналмауы керек.
– Баден-Вюртемберг аймағы автократтардың бас сауғалайтын жері болып қалмас үшін сізді және жергілікті үкіметті қолдан келген барлық шараларды қолданып, оның ішінде мүліктерді тәркілеуге шақырамын. Бұл Қазақстандағы демократиялық күштердің алдындағы міндетіміз, – делінген үндеуде.
Азаттық мәліметіне сәйкес, Баден-Вюртемберг аймағының депутаты Йонас Вебер жергілікті билікке қайырылып, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараға және күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі қымбат мүліктерді тәркілеуді сұраған.
Комментариев пока нет