Бозымбаев Назарбаевтың құлаған ескерткіші туралы айтты
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Талдықорғандағы ескерткішін қалпына келтіру мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін жеткізді.
– Ескерткіш қайта қалпына келтірілмейді және бұл мәселе күн тәртібінде де жоқ, – деді Бозымбаев баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, қаңтардағы қайғылы оқиғалардың хронологиясы туралы айтты.
– Жаппай наразылықтың алғашқы күндері мен халыққа шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастадым. Қаңтардың 4-і күні кешке бір сағат бойы мен наразылық білдірушілерден менің кабинетіме барып, барлық проблемалық мәселелерді сындарлы талқылауды өтіндім. Түскі сағат 1-ге қарай наразылық білдірушілердің 30 пайызы үйлеріне қайтты, — деді ол.
Айта кетейік, экс-президенттің ескерткіші қаңтар айының басында наразылықтар кезінде құлаған еді.
Комментариев пока нет