Араб елдері Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымдарын айтты
Поддержать

Араб елдері Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымдарын айтты

Араб елдері Украина төңірегіндегі жағдайға қатысты бейтарап ұстанымда екендерін жариялады.

Араб Мемлекеттері Лигасының кеңесі (ЛАГ) Кувейт маңындағы ЛАГ Бас хатшылығының штаб-пәтерінде Украинадағы соңғы оқиғаларды талқылау үшін шұғыл отырыс өткізді. Отырыс Египеттің бастамасымен өтті, оны Кувейт, Иордания және бірқатар араб елдері қолдады.

Араб мемлекеттері мигасының Бас хатшысының көмекшісі Хусам Заки отырыста Украинадағы қазіргі жағдайға Араб көзқарасын көрсететін бірлескен шешім қабылданғанын айтты.

— Араб елдері Украинамен де, Ресеймен де достық қарым-қатынаста. Ал достарға олардың екеуі бір — бірімен соғысып жатқанын көру қиын, сондықтан ЛАГ бейтараптық ұстанымды, — деді Хусам Заки.

Лагтың штаб-пәтеріндегі кездесуде тұрақты өкілдер Украинадағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдірді және қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге көмектесу үшін министрлік деңгейде арнайы байланыс тобын құруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Лига барлық мүдделі тараптарды Украинадағы жағдайды диалог пен дипломатия арқылы шешуге шақырды.

ЛАГҚА барлығы 18 араб елдері кіреді, олардың ішінде Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар және Кувейт сынды елдер бар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *