Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады
Поддержать

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңге бағамына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысын Украинадағы оқиғалардың Қазақстандағы экономикалық жағдайға әсері туралы мәселеден бастауды ұсынды.

— Барлығына белгілі сыртқы саяси ахуалдың күрт шиеленісуі жағдайында Үкімет пен Ұлттық банк Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті. Жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығында тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып отыр, — Смайылов.

Үкімет отырысы барысында отандық индустриялық-өнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселесі қозғалды.

— Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін экономиканы индустрияландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады, — деді үкімет басшысы.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *