Түркия Ресейге қарсы санкциялар салудан бас тартты
Поддержать

Түркия Ресейге қарсы санкциялар салудан бас тартты

Анкара Ресейге қарсы санкциялар салуды жоспарламайды. Бұл туралы Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын CNN Turk-қа берген сұхбатында айтты.

— Біз еліміздің басымдықтарын ескере отырып әрекет етуіміз керек. Ресеймен сөйлесе алатын фактор болуы керек. Барлығы қарсы болған кезде Ресеймен кім сөйлеседі? Біз бұл арнаны ашық қалдыру үшін санкциялар салуды жоспарламаймыз, — деді ол.

Түркия президентінің өкілі Украинадағы соғыстың жалғасуы Ресей үшін үлкен апатқа айналуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, Мәскеудің Қырымды тану және Украинаны қарусыздандыру туралы талаптары шындыққа жанаспайды.

Ибрагим Калын Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші бөлімі өтуі екіталай деп санайды. Техникалық сәттерге байланысты кездесуді бір-екі күнге кейінге қалдыруға болады.

Сондай-ақ, Ердоған өкілі ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстардан шығару дұрыс қадам емес екенін айтты.

Түркияның Ресейге қарсы санкцияларға қатысқысы келмейтіндігі туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу мәлімдеді.

— Біз мұндай санкцияларға мүлдем қатысқан жоқпыз. Сондай-ақ, осы санкцияларға қатысуға ниет білдірмейміз, — Чавушоглу Twitter-де.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *