Қазақстандықтар Украинаға құны 100 млн теңге гуманитарлық көмек жібереді
Поддержать

Қазақстандықтар Украинаға құны 100 млн теңге гуманитарлық көмек жібереді

«Ел болашағы» азаматтық бастамасының ұйымдастыруымен 5 күн ішінде Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 100 млн теңге жиналды.

Бұл туралы штаб мүшесі Тоғжан Қожалиева мәлімдеді. Украинаға көмектесу үшін құрылған штабқа 500-ге жуық ерікті тіркелген.

— «Украина біз сенімен біргеміз» штабын құрып, оған қазақстандықтар 100 миллион теңгеден астам сома аударды. Бұл – бес күн ішінде жиналған сома. Бүгін менің картама тағы 8 миллион теңге келіп түсті. Үндістан азаматына тиесілі LS-Pharm компаниясы бізге қол ұшын созды. Әртүрлі ұлт өкілдері көмегін аяп жатқан жоқ», – деді Тоғжан Қожалиева. 

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандықтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты.

Сондай-ақ, жиналған қаражат тек Украинаға көмекке жұмсалатынын жеткізді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *