Ресей әскерінің атқылауынан Украинада ең ірі АЭС өртенді
Ресей әскері Запорожье атом электр станциясын атқылағаннан кейін станциядағы энергоблок пен оқу-жаттығу корпусында өрт шыққан.
Украина төтенше жағдай қызметі үшінші энергоблоктың біртұтас энергожүйеден ажыратылғанын жеткізді. 4 наурыз күні Киев уақытымен түнгі сағат 3-те алты блоктың тек біреуі ғана жұмыс істегені белгілі болды.
Станцияның баспасөз хатшысының мәліметінше, АЭС-ке ядролық қауіп төніп тұр. Сондай-ақ, Ресей әскерлерінің атқылауынан құтқарушылардың өртті сөндіре алмай жатқанын жеткізді.
— Еуропадағы ең ірі АЭС-тен ядролық қауіп-қатер туындады. Бірінші энергоблокқа кірдік, құтқарушылар өртті сөндіре алмай жатыр, себебі Ресей әскері атқылауын тоқтатар емес, — деп хабарлады станцияның баспасөз хатшысы Андрей Туз.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет