Зеленский НАТО-ны қатаң сынға алды
Поддержать

Зеленский НАТО-ны қатаң сынға алды

Украина президенті Владимир Зеленский 4 наурыз күні кешке халыққа жаңа үндеу жасады, үндеуде НАТО-ның Украинаға көмектесуден бас тартқаны туралы айтты.

— Соғыстың тоғызыншы күні. Біздің көпшілігіміз тоғызыншы күні бізбен бірге болмаған адамдарды еске аламыз. Украина үшін қаза тапқандардың бәрін еске аламыз. Өкінішке орай, бүгін тағы бір нәрсені есте сақтаудың уақыты келді: қауіпсіздік кепілдіктері мен уәделері, одақтардың шешімі, кейбіреулер үшін бағасы жоқ құндылықтар. Бүгін НАТО Саммиті, әлсіз саммит өтті. Онда барлығы бостандық үшін күресті бірінші мақсат деп санамайды, — деді Зеленский.

Украина көшбасшысы альянсті шешім шығара алмайтын, әлсіз ұйым екенін айтты. Оның айтуынша, НАТО-дағы Ресеймен гипотетикалық қақтығыс украиндықтардың өлімінен жоғары болды.

— НАТО Украинаға көмектеспеу туралы саналы түрде шешім қабылдады, — деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, бүгіннен бастап осы соғыста қайтыс болған әрбір украиндықтың өлімі осындай шешім қабылдағандардың мойынында болады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.