Әскери қызметкерлер туралы заңға өзгерістер енгізіледі
Поддержать

Әскери қызметкерлер туралы заңға өзгерістер енгізіледі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі запастағы әскери қызметкерлер туралы заңға өзгерістер енгізеді.

Заң жобасының мақсаты – жұмылдыру кезеңiнде де, табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдай кезiнде де Қарулы Күштердi әскери даярлықтан өткен запастағы жауынгерлермен кепiлдi толықтыруды реттеу

Заң жобасының қабылдануына сәйкес, әскери бөлімдерді кадрлық ресурстармен кепілдендірілген қамтамасыз етуді ұлғайту және дайын резервтегі күштерді құру мүмкін болады.

— ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне запастағы қызметті енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі, — деп хабарлайды ведомство.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *