Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ауыс-түйіс болды
Поддержать

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

— Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

— Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген ресми хабарламада.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.