Сауд Арабиясында 81 адам жаппай өлім жазасына кесілді
Поддержать

Сауд Арабиясында 81 адам жаппай өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясы билігі сенбіде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және шетелдіктердің қолдауы арқылы террористік ұйым құрғаны үшін 81 адамды өлім жазасына кесті. Бұл туралы корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады.

— 81 адамды өлім жазасына кесу туралы шешімді апелляциялық және жоғарғы соттар өз күшінде қалдырды, жарлық шыққаннан кейін сенбі күні үкім орындалды, — делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өлім жазасына кесілгендердің арасында жеті Йемендік азамат, сондай-ақ Сауд Арабиясының шығысындағы көптеген жастар бар.

— Олар қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне шабуыл ұйымдастырғаны, сондай-ақ шетелден қолдау көрсеткен террористік ұйым құрғаны үшін өлім жазасына кесілді, — делінген хабарламада.

«Анадолу» агенттігінің мәліметінше, 2016 жылы Сауд Арабиясында бір уақытта 47 адам өлім жазасына кесілген.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.