Қазақстан үкіметі мәлімдеме жасады
Поддержать

Қазақстан үкіметі мәлімдеме жасады

Қазақстан Үкіметі сыртқы теріс макроэкономикалық фонға байланысты туындайтын мәселелер туралы әлеуметтік желідегі хабарламалардың жиілеп кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Сыртқы экономикалық жағымсыз құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр.

— Атап айтқанда, қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі. Екінші деңгейдегі банктердің 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 триллион теңгені немесе активтердің 40 пайызын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар, — делінген хабарламада.

Жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет заңда белгіленген шекте кепілдік береді. Биылғы жылғы қаңтарда халықтың жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы, сондай-ақ «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»АҚ тарапынан түрлері мен валюталары бойынша әртүрлі депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары жиынтық сомасы 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

— Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ол үшін күн сайын дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның аясында экономикалық жағдайды дамытудың түрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталуда. Халықты үрейленбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделгені атап өтілді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.