Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады
Поддержать

Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін марапатталғандар:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Калетаев Дархан Аманұлы. Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

І дәрежелі «Айбын» орденімен Қызыр Думан Манарбекұлы — Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі; 

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина.

Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;

«Құрмет» орденімен Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі;

Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы;
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы

Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы;

«Шапағат» медалімен:

Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары;

Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі;

Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы

Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.