Назарбаев Ақышевті көмекші қызметінен босатты
Данияр Ақышев тұңғыш президенттің көмекшісі қызметінен босатылды.
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Данияр Ақышев 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономист мамандығы бойынша түлегі. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Ұлттық Банктің зерттеулер және статистика департаментінде әртүрлі лауазымдарда болды. Ұлттық Банктің зерттеулер және статистика департаментінің директоры қызметін атқарған.
Данияр Ақышев Қазақстан Ұлттық Банкін 2015 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін басқарды. 2019 жылғы ақпан-сәуірде президенттің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2019 жылғы 9 сәуірде еліміздің тұңғыш президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Комментариев пока нет