Белгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев көз жұмды
Поддержать

Белгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев көз жұмды

Белгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды. Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры қаралы хабарды растады.

Юрий Померанцев 1923 жылы 11 Ақпанда Киевте дүниеге келді. 30-шы жылдары оның әкесі «Қарағандышахтстройда» қызмет атқарып, отбасы Қарағандыда тұрған. Бірақ 1938 жылы әкесі атылып, кішкентай Юрий анасымен бірге Мәскеуге көшуге мәжбүр болады. Мектепті бітіргеннен кейін жас түлек соғысқа кетіп, жарақат алған.

Ұзақ уақыт емделіп кейін 1943 жылы Алматыға келді. Алғаш рет Юрий Померанцев Наталья Сацтың балаларға арналған жаңа ашылған театрдың «Кішкентай Қызыл телпек» спектаклінде қасқыр рөлін ойнады. Осылайша оның мансабы басталған, бірақ актер арнайы білім алған жоқ. Померанцев 300-ден астам рөлдерді ойнады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.