Мұхтар Тілеуберді Борреллмен Украинадағы жағдайды талқылады
Поддержать

Мұхтар Тілеуберді Борреллмен Украинадағы жағдайды талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қатар тарапының шақыруы бойынша XX Доха халықаралық форумына қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға 600-ден астам делегация, оның ішінде үкімет, сыртқы саяси ведомстволар басшылары, халықаралық ұйымдар мен әлемдік сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер мен бизнесмендер қатысты. Форумның тақырыбы «Жаңа дәуірге арналған трансформация».

Ол төрт негізгі тақырыпқа арналды – геосаяси альянстар мен халықаралық келісімдер, қаржы жүйесі мен экономикалық даму, кибернетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты даму мен климаттық өзгерістер.

Форум аясында М.Тілеуберді Қатар мемлекеті премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Танимен екіжақты келіссөздер жүргізді.

СІМ басшылары сондай-ақ алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестірді».

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *