Министр жеңілдетілген автонесиелеуге қатысты мәлімдеме жасады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу сәуір айының соңына дейін іске қосылатынын хабарлады.
— Біз өз автоөнеркәсібімізге бағыт аламыз, сондықтан біз қазір бағалардың тұрақты болуы үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Сәуір айының соңына дейін біз шешім қабылдаймыз, қазірдің өзінде 4 пайыз жеңілдікпен несиелендіру болады, — деді министр Үкімет отырысынан кейін.
Сондай-ақ, ол азаматтардың автомобиль бағасының күрт өсуіне қатысты алаңдаушылығына жауап берді.
— Қазақстандық автокөліктерге қатысты бағаның өсуін жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ күн сайын бағалар өседі, сондықтан ертең қандай баға болатынын айту қиын. Көптеген бағыттар бойынша төмендеу үрдісі байқалады, — деді Өскенбаев.
Фото: Kolesa.kz
Комментариев пока нет