Атырау облысында белгісіз дерттен жаппай мал қырылып жатыр
Поддержать

Атырау облысында белгісіз дерттен жаппай мал қырылып жатыр

Атырау облысының бірқатар аудандарында белгісіз дерттен жаппай мал қырылып жатыр. Хабарламада Атырау облысының Құрманғазин, Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарында мал қырылып жатқаны және оның себебі анықталмағаны айтылған.

Облыстық ветеринария басқармасы журналистерге қазір басшылықтың Құрманғазы ауданында іссапарда екенін, онсыз ақпарат берілмейтінін айтты. Ал шенеуніктер ірі қараның жаппай қырылып жатқанын жоққа шығарды.

— Аққыстау ауылдық округі тұрғындарының айтуынша, теңіз жағалауында үйірінен қалып, орнынан көтеріле алмай жатқан жылқылар табылған. Жағдайға байланысты мал иелеріне суаруды жүйелі түрде бақылауға кеңес беріледі. Қазір жергілікті мал дәрігерлері екі шаруамен бірге төрт жылқыны емдеуде. Жылқылар өте әлсіз және арық. Жануарлардан қан сынамалары алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға, сондай-ақ Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа жіберілді, — дейді Исатай аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Аманжол Рахметов.

«Ақ Жайық» мәліметінше, Құрманғазы ауданы әкімдігі Ақкөл және Құрманғазы аудандарында жылқылар неозидин, глюкоза, А, В, С дәрумендерімен емделіп жатқанын хабарлады.

— Олардың барлығы мал дәрігерлерінің бақылауында. Жағдай тұрақты, — деді Құрманғазы аудандық әкімдігінде.

Фото: azh.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *