АҚШ пен Жапония Ресейге қарсы санкциялар салды
АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды.
Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Сондай-ақ, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды. Олардың бірі Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі «Микрон» акционерлік қоғамы.
Санкцияға ілінгендер арасында «Серния Инжиниринг» және жабдық өндіруші «Серталь» компаниясы бар.
Жапония Сыртқы істер министрлігі тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ «Аполлон», «РК Бриз», «Зил — М» және «Парсек» компаниялары кіретінін хабарлады.
Оларға Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық жобаларына қатысты деген айып тағылған. Министрліктің мәліметінше, енді олардың Жапониядағы барлық активіне тыйым салынады.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет