Тәжікстан президенті халықты азық-түлік жинап алуға шақырды
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қасиетті Рамазан айының басталуына орай отандастарына арнаған сөзінде соңғы жағдайлар әлемнің барлық мемлекеттеріне, соның ішінде Тәжікстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға айтарлықтай әсер ететінін айтты. Сондықтан ел азаматтарын екі жылға жететін азық-түлік жинап алуға шақырды.
Эмомали Рахмон бұл жыл адамзат үшін барлық жағынан, ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан қиын болады деп мәлімдеді.
— Мұндай жағдайда ұйымшыл болып, қиын сәтте бір-бірін қолдап, үрейленбеу қажет, — деді Тәжікстан президенті.
Рахмон әлемдегі саяси, әскери, экономикалық және әлеуметтік жағдай өте шиеленісті және дағдарыс жағдайында көп жұмыс істеу маңызды екенін айтты. Ол қазір ел Үкіметі қолда бар барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экономика мен халықты қорғау үшін қажетті шаралар қабылдап жатқанына сендірді.
Сондай-ақ, фермерлер мен әр отбасы тұтыну базарларында ауылшаруашылық өнімдерінің көптігін қамтамасыз ету үшін жерді тиімді пайдалануға үлкен мән беруі керек екенін еске салды.
Біз егін егу науқанын уақытында аяқтап, мол өнім алуға жағдай жасауымыз керек. Әр отбасы 2 жылға жетерлік азық-түлік жинау керек екенін есте сақтаңыздар, — деді Рахмон.
Комментариев пока нет