Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетел агенті ұсталды
Поддержать

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетел агенті ұсталды

Қазақстан президенті мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті ұсталды.

Ұсталған Қазақстан азаматы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Алдын ала тергеу барысында жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.