НАТО: Украинадағы қарулы қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін
Поддержать

НАТО: Украинадағы қарулы қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін

Брюссельде кездесу өтіп, Альянсқа мүше елдер сыртқы істер министрлері Украинадағы қарулы қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты.

НАТО Ресей күштері Украинаның солтүстігінен шығып, шығысына қарай шабуылдауы ықтимал екенін айтқан. Ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг Бучадағы қатыгездікке қатысы барларды қатаң жазалау керектігін жеткізді.

— Путин алған бетінен қайтпайтын көрінеді. Сондықтан кез келген жағдайға дайын болу керек. Украинаны әрі қарай қолдап, қабылданған санкцияларды қатаң сақтап, қорғанысымызды одан әрі күшейткеніміз жөн. Өйткені бұл шиеленіс ұзаққа созылуы мүмкін. Бұған бәріміз де әзір болғанымыз абзал, — деді НАТО Бас хатшысы Столтенберг.

Брюссельдегі жиналысқа Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу да қатысты. Оның пікірінше, Мәскеу мен Киевтің келіссөздері жалғасады.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *