Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
Поддержать

Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланған.

— Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Жамбыл облысының жаңа әкімін премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды. Премьер-министрдің баспасөз қызметі атап өткендей, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу президенттің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты.

— Үкімет басшысы мәслихат депутаттарына президенттің Жамбыл облысының әкімі лауазымына Нұржан Нұржігітовты тағайындау туралы хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны мақұлдады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.