Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға 6 млрд теңге бөлінеді
Қазақстан үкіметі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға 6 млрд теңге бөледі. Бұл жөнінде қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясының ішінде өрт болған.
Наурыз айында билік ғимаратты бұзу туралы шешім шығарлы. Қайта жөндеу және даму жөніндегі қазақстандық көп салалы институттың директоры Жұмағұл Нугужинов президент телерадиокешені жариялаған фильмде ғимарат айрықша белгісінен айырылғандықтан оны толық сүру қажет екенін жеткізді.
Фото: Inform.kz
Комментариев пока нет